Коронавирус шынымен бар, бұл әзіл емес, - дейді әнші.
ERNUR.KZ. Репер Ганвест (Gunwest) Мәскеуде коронавирус жұқтырған. Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында жазды , деп жазады Tengrinews.kz.
Ганвестің айтуынша (шын аты Руслан Гоминов), ол өзін нашар сезінгеннен кейін медициналық көмекке жүгінген. Дәрігерлер одан COVID-19 диагнозын растады.
"Ауру белгілері қатты байқалған жоқ, менімен не болып жатқанын аса түсінбедім, жағдайым нашарлай бастады, ентігу пайда болды. Нәтиже расталды. Үйде ем қабылдаймын, одан ары не боларын білмеймін. Коронавирус шынымен бар, бұл әзіл емес. Жақындарыңыз бен туыстарыңызды ойлаңыз. Барлығы симптомсыз өтіп жатыр, сен омен ауырып жүргеніңді білмеуің де мүмкін. Сендер жай ғана инфекция тасымалдаушы болуларың мүмкін. Серуен мен қыдырудан бас тартыңыз, оданда үйде отырыңыз және өзіңізді қорғаңыз", - дейді репер.
Орындаушының ең танымал әндерінің бірі "Никотин" деп аталады. YouTube-та оның бейнебаянын 31 миллионнан астам адам көрген.