Оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеген
ERNUR.KZ. Алматыда №12 қалалық клиникалық ауруханасыда өрт шықты. 102 адам қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
27 қыркүйек күні сағат 16:15-те қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің «101» пультіне өрт туралы хабар түскен. «Бостандық ауданы Жандосов көшесіндегі 6 мекенжайында орналасқан клиникалық ауруханада түтін шыққаны туралы хабарланды. Алғашқы өрт сөндіру техникасы оқиға орнына 13 минуттан соң 16.28-де жетті. Компьютерлік томография кабинетіне қуат беретін ғимаратта аккумлятор батареялары өртенгені анықталды. Өрт сағат 16.37-де ауыздықталып, 16.49-да толықтай өшірілді. Жалын 1,5 шаршы метрді шарпыған. Ауруханада 102 адам қауіпсіз жерге көшірілген. Оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеген», - деді Алматы қалалық ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.