Ауыл мектептері арасындағы республикалық олимпиаданың үшінші кезеңі басталды

0
274

Бірінші кезеңге 113 мыңнан астам оқушы тіркеліп, оның ішінде екінші (аудандық) кезеңге 53,5 мың оқушы қатысты.


Ауыл мектептері арасындағы республикалық олимпиаданың үшінші кезеңі басталды

Бүгін ауыл мектептерінің 9-11(12) сынып оқушыларының жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадасының үшінші (облыстық) кезеңі басталуда. Оған аудандық кезеңнің 12 мыңнан астам жеңімпазы қатысып жатыр. Олимпиада дәстүрлі форматта екі турмен 13 пән бойынша өтеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Бірінші кезеңге 113 мыңнан астам оқушы тіркеліп, оның ішінде екінші (аудандық) кезеңге 53,5 мың оқушы қатысты. Үшінші кезеңнің жеңімпаздары республикалық (қорытынды) кезеңге жолдама алады: жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша 9-11(12) сынып оқушылары және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша 10-11(12) сынып оқушылары.

Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада өткен оқу жылынан бері өткізіліп келеді. Оның мақсаты – ауылдан келген дарынды оқушыларды анықтау және оларға қолдау көрсету, сондай-ақ оларға кәсіптік бағдар беру мен сапалы білім алу мүмкіндіктерін кеңейту.