Бұл - голливуд фильмдеріне дубляж жасаудың 12 жылдық тарихында тіркелген ең жоғары көрсеткіш.
ERNUR.KZ. Ғылыми-фантастикалық туындының қазақша нұсқасын 43 мыңнан астам көрермен тамашалап, кассалық табысы алғаш рет 71 миллион теңгеге жеткен. Бұл - голливуд фильмдеріне дубляж жасаудың 12 жылдық тарихында тіркелген ең жоғары көрсеткіш, деп жазады zakon.kz.
Мәдениет және спорт министрлігінің хабарлауынша, бүгінде қазақ тілі дубляждағы екінші түркі тілі ретінде дараланып, Blu-Ray-да көруге болатын Голливуд фильмдерінің негізгі жеті тіліне енген.
Министрлік алдағы уақытта да әлемдік деңгейдегі фильмдерді қазақ тіліне дубляждауды жалғастыратынын хабарлады. Бұл жұмыстарға жыл сайын 300-ге жуық дубляж маманы жұмылдырылады.