Автобуста 80 теңге төлемеген баланы полиция қамап тастады

0
1 246

Алматыда жол ақысын төлемеген баланы полицейлер алып кетті. 17 жастағы жасөспірімнің ONAY картасына әкесі ақша салып үлгермеген екен.


Автобуста 80 теңге төлемеген баланы полиция қамап тастады

ERNUR.KZ. Баланың әкесі құрылыста істейді екен. Ұлын полицейлер алып кеткен кезде әкесі жұмыста болған, деп жазады Экспресс К.

Бұл туралы Facebook-тегі парақшасында Елдос Өмірзақ есімді желі қолданушысы жазды. Онда 80 теңгеге бола жас баланы полицейлер алып кеткені туралы айтылады. Желі қолданушылары тәртіп сақшыларының бұл әрекетіне өз наразылықтарын білдіріп жатыр.

"Масқара! Полицейлердің осыдан басқа жұмысы жоқ па?!", "Ұят болған екен! 80 теңгеге бола баланы мұнша қинағаны несі?!", "АІІБ қылмыскер секілді апарғаны несі?! Оқушыларға жол ақысын тегін қылу керек",— деп түрлі пікір жазды желі қолданушылары.