Байқоңырдан Жеңістің 80 жылдығына арналған зымыран ұшырылды - видео

0
252

Бірнеше тонна отын тиелген зымыран орбитаға шықты.


Байқоңырдан Жеңістің 80 жылдығына арналған зымыран ұшырылды - видео

фото: Sputnik / Алексей Филиппов

ERNUR.KZ. Байқоңыр ғарыш айлағынан "Союз МС-27" басқарылатын көлік ғарыш кемесі бар "Союз-2.1а", "Ракета Победы" зымыран тасымалдағыш ұшырылды, деп жазады sputnik.kz.
Бұл ұшу Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған.
3 сағат 17 минуттан кейін құрамында "Роскосмос" ғарышкерлері Сергей Рыжиков, Алексей Зубрицкий және NASA астронавты Джонатан Ким бар экипаж Халықаралық ғарыш станциясының (ХҒС) ресейлік сегментінің "Причал" модулімен түйіседі.
Роскосмостың мәліметінше, экипаж орбитада 245 күн болады.
Экспедиция барысында ресейлік бағдарлама бойынша екі рет ғарышқа шығып, 40-тан астам ғылыми тәжірибелер жүргізу жоспарланған.