28 маусымда Бақытжан Сағынтаев Алматы қаласының әкімі болып тағайындалды.
ERNUR.KZ. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қала тұрғындарына видеоүндеу жасады, деп жазады tengrinews.kz.
Сағынтаев Алматы әкімі қызметіне кірісе отырып, қала түрғындары алдындағы жауапкершілікті толықтай түсінетінін айтты.
"Құрметті алматылықтар! Сіздермен тікелей байланыс орнату үшін Facebook, Twitter, Instagram желілерінде тіркелдім. Ақылдаса отырып, бірге жұмыс істейік!", - деді Алматы әкімі әлеуметтік желідегі парақшасында.
Еске салайық, 28 маусымда Бақытжан Сағынтаев Алматы қаласының әкімі болып тағайындалды. Оған дейін Сағынтаев Президент Әкімшілігінің басшысы қызметінде болған еді. Ол әкімшілік басшысы қызметін 2019 жылдың 24 наурызынан бастап атқарды.