Бала өлімі: Алматыда картинг орталығының директоры күдікке ілінді

0
645

Күдікті төрт жылдан сегіз жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.


Бала өлімі: Алматыда картинг орталығының директоры күдікке ілінді

ERNUR.KZ. Алматы облысында 10 жасар бала көз жұмған картинг орталығының директоры қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатыр, деп жазады Ulysmedia.kz.

Өңір полициясы бала өлімі фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Іс материалдарында картинг орталығының 41 жастағы басшысы күдікті деп танылған.

Қоғамдық резонансты ескеріп, істі тергеу облыстық тергеу басқармасының өндірісіне алынды. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Тергеу уақытына күдіктіге қатысты "Келуге міндеттеу" процессуалды мәжбүрлеу шарасы таңдалды.

"Іле ауданында картингдромдағы он жасар жасөспірімнің өлім фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 306-бабы 3-тармағы (Абайсызда адам өліміне әкеп соққан, қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтін қызметтер көрсету) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - деп мәлімдеді Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Күдікті төрт жылдан сегіз жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.