Базалық зейнетақыны қайта есептеу автоматты түрде жүргізіледі

0
1 872

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова қайта есептеу нәтижесінде базалық зейнетақының қаншаға өсетінін айтты, - деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"1 қаңтардан ең төменгі зейнетақы мөлшері 49 019 теңгеге, зейнетақының орташа мөлшері 71 333 теңгеге жетті. Бірінші шілдеден базалық зейнетақыны белгілеу әдістемесі толығымен өзгеріп, оған сәйкес тек еңбек өтілі ғана емес, 1998 жылдан кейінгі жинақтаушы зейнетақы жүйесіне төлем аудару кезеңі ескеріледі", — деді бүгін Жақыпова министрліктің кеңейтілген алқа мәжілісінде.

Елімізде қазір 2 140 113 зейнеткер бар. Вице-министр олардың базалық зейнетақысын бір реттік қайта есептеу жоспарланып отырғанын атап өтті.