Беташар табағына миллиондап ақша салған жігіттердің әрекеті әлеуметтік желіні шулатты.
ERNUR.KZ. Тойдың қай өңірде және қашан болғаны белгісіз, деп жазады Экспресс К.
Қуанышқа келген жігіттердің әрқайсысы 500 мың теңгеден бастап 1 жарым миллионға дейін ақша салған. Мұндай әрекет тойға жиылған көпшілікті қатты таңқалдарды. Бума-бума ақша ұстағандар асабаның да қалтасын толтырып тастады. Риза болған тамада "Қайда жұмыс істейсіңдер?" деп сұрағанымен, жауап ала алмады.
Бейнежазбаға пікір қалдырушылар беташардан жиналған қаражатқа Алматы не Нұр-сұлтан қаласынан 3-4 бөлмелі пәтер сатып алуға болатынын жазыпты.