Білім министрі мектеп формасына қатысты пікір білдірді

0
1 636

Мектеп формасы ылғалға төзімді, ауа өткізгіштігі бойынша матаның барлық қауіпсіздік стандарттарына сәйкес болуы тиіс.


Білім министрі мектеп формасына қатысты пікір білдірді

ERNUR.KZ. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мектеп формасы тақырыбын қозғады. Ол 2019-2020 оқу жылдарында мектеп формасына қатысты өзгерістер болмайтынын жеткізді, деп жазады elitar.kz.

Бірнеше жылдан бері республикада мектеп формасы ережелері туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 26 бұйрығының нормалары қолданылып келеді. Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, мектеп оқушыларына арналған форма зайырлы сипатқа ие. Бірақ, жаңа оқу жылында өзгерістер күтілмейді.

"Оқу жылы қарсаңында бізде ешкім үлкен өзгерістер енгізбейді, мектеп формасы бойынша революция жоқ", — деп жауап берді еліміздің бас педагогы.

Алайда, мектеп формасының дизайнын оқу орны өзі таңдауға құқылы. Білім және ғылым министрлігінің міндетті талаптарын ескеру қажет, форма сыртқы талаптарға (классикалық көк түсті пішім) ғана емес, сонымен қатар ылғалға төзімді және ауа өткізгіштігі бойынша матаның барлық қауіпсіздік стандарттарына сәйкес болуы тиіс.