Бизнес тарапынан жедел медициналық көмек көрсетуге қызығушылық жоқ - ДСМ

0
192

Елімізде жедел медициналық көмектің барлық шақыртулары 4-жеделділік санатына бөлінеді.


Бизнес тарапынан жедел медициналық көмек көрсетуге қызығушылық жоқ - ДСМ

Фото: ҚР Үкіметі

ERNUR.KZ. Бизнес тарапынан жедел медициналық көмек көрсетуге қызығушылық жоқ. Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың жауабында айтылған, деп жазады inform.kz.

«Елімізде шұғыл медициналық көмек көрсететін бірқатар жеке медициналық ұйым бар. Олар жеделділік санаттары бойынша шақыртуды ажыратпайды. Яғни, бұл - дәрігерді ақылы негізде үйге шақыру қызметі. Сонымен қатар жедел медициналық көмек көрсету - мемлекеттің кепілі, еліміздің азаматтарының денсаулығы мен өмірін сақтауға конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету. Ал бизнес тарапынан жедел медициналық көмек көрсетуге қызығушылық жоқ», - деді министр жауабында.

Оның дерегінше, елімізде жедел медициналық көмектің барлық шақыртулары 4-жеделділік санатына бөлінеді. Мұнда 1-санат өмірге тікелей қатер төндіретін және шұғыл медициналық көмек көрсетуді талап етеді – 10 минут, 2-санат (медициналық көмекті талап ететін, өмірге әлеуетті қауіп төндіретін төндіретін) – 15 минут, 3-санат (медициналық көмекті талап ететін, денсаулыққа әлеуетті қауіп төндіретін) – 30 минут, 4-санат (жіті аурудан немесе созылмалы аурудың өршуінен туындаған, ағзалар мен жүйелердің кенеттен және айқын бұзылуларынсыз, науқастың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп қатер төндірмейтін пациенттің жай-күйі) – 60 минут.