Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше, Батыс Қазақстан облысында 27 сәуірде БҚО бойынша ПД Ақжайық аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары полиция майоры Әбілхайыровқа 7,5 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.аудан
ERNUR.KZ. Сотқа тартылған полиция қызметкері 7,5 млн теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді. Оған қылмыстық істі жабу үшін пара алуға оқталды деген айып тағылды, деп жазады Zakon.kz.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше, Батыс Қазақстан облысында 27 сәуірде БҚО бойынша ПД Ақжайық аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары полиция майоры Әбілхайыровқа 7,5 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.
Ол Орал қаласының тұрғынынан қылмыстық істі тоқтатқаны үшін 500 мың теңге алуға оқталды деп айыпталды.
Сондай-ақ ол өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан, сондай-ақ арнаулы атақтарынан айырылды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.