«Братишка, ана өмірге бәріміз барып үлгереміз»: полицейдің қамқорлығы жұртты сүйсінтті (ВИДЕО)

0
220

​Ол жылдам жүрген мотоцикл жүргізушісіне ескерту жасады.


«Братишка, ана өмірге бәріміз барып үлгереміз»: полицейдің қамқорлығы жұртты сүйсінтті (ВИДЕО)

Фото: istockphoto.com

ERNUR.KZ. Желіде мотоцикл мінген ер адамға патрульдік полиция қызметкерінің ауызша жасаған ескертуі жұртты сүйсінтті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Видео әлеуметтік желіде таралды. Онда полицейдің жылдам жүрген мотоцикл қызметкеріне жасаған ескертуін байқауға болады.

«Братишка, ана өмірге бәріміз барып үлгереміз. Асықпасай», - дейді патруль қызметкері дауыс зорайтқышпен.

Полицейдің бұл ісіне жұртшылық еріксіз сүйсінді.

«Жол-пол қызметкерлеріне үлгі ғой», «Ағалық ақыл деп қабылда», «Мұндай МАИ қызметкерлері өте көп», «Осындай жігіттің анасына мың алғыс», «Жол сақшылары осылай мейіріммен жұмыс істесе ғой», - деп жазды желі қолданушылары.