Coca-Cola-ның 28 миллион бөтелке сусынынан метал бөлшектері табылды

0
238

Австрия тарихында бұл сусындарды ең көп қайтарған жағдай болып отыр.


Coca-Cola-ның 28 миллион бөтелке сусынынан метал бөлшектері табылды

Фото: АРА порталынан

ERNUR.KZ. Австрияда Coca-Cola зауытына жарты литрлік Coca-Cola, Fanta, Sprite және MezzoMix бөтелкелерінен металл бөлшектері табылып, 28 миллион бөтелкеге шағым түскен, деп жазады stan.kz.

Деректерге сүйенсек, Австрия тарихында бұл сусындарды ең көп қайтарған жағдай болып отыр. Алдын-ала мәліметтер бойынша мәселенің себебі құю желісіндегі сүзгінің сынуынан болуы мүмкін. Салдарынан кейбір бөтелкелерге сусынмен қоса металдың кішкентай бөліктері түсіп кеткен.

Coca-Cola әзірге зардап шеккен жағдайлар тіркелген жоқ деп сендірді. Компания салдарын жою үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтынын жеткізді. Сатып алушылар ақаулы өнімді дүкендерге қайтарып, ақшалай өтемақы ала алады.

95 жылдық тарихы бар Австриядағы Coca-Cola зауыты жыл сайын шамамен 471 миллион литр сусын шығарады. Ол 900-ге жуық қызметкерді жұмыспен қамтамасыз етіп отырған аймақтағы ірі өндіруші.