Бүгін бірнеше БАҚ-та Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусқа қарсы вакцинаны Тараз тұрғындарына сынайды деген ақпарат тарады.
ERNUR.KZ. ДДҰ-ның Қазақстандағы өкілдігі Тараз тұрғындарына коронавирусқа қарсы вакцина сыналады деген ақпаратқа пікір білдірді, деп жазады Tengrinews.kz.
"ДДҰ Қазақстан тұрғындарына вакцина сынағын өткізбейді және ондай жоспар жоқ.
Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінен ДДҰ қызметі туралы материалдарды дайындау кезінде және шынайы ақпарат алу мақсатында ДДҰ-ның Қазақстандағы кеңсесіне хабарласуды сұраймыз", - деп жазды ұйым өкілі Facebook-те.
Еске салайық, бүгін бірнеше БАҚ-та Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусқа қарсы вакцинаны Тараз тұрғындарына сынайды деген ақпарат тарады. Бұл үшін 200 мың теңгеден берілетіні айтылған.