Қылмыскер бөлшектелген денені қоқыс қалташаларына салып, түнделетіп сол маңдағы бірнеше қоқыс жәшігіне бөліп тастаған.
иллюстрациялық фото
Қарағанды тұрғыны бөтелкелесін өлтіріп, денесін бөлшектеп тастағаны хабарланған болатын. Қанды қылмыстың жай-жапсары жария етілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ Астана арнасына сілтеме жасап.
Жан түршіктірерлік оқиға Университеттік көшесі 19-шы үйде болған.
Көршілердің айтуынша, 2 наурыз күні ол бірнеше бөтелке арақ алып, көршісі Даниярды қонаққа шақырыпты. 37 жастағы жігітті мұнан соң ешкім көрмеген.
"Мен Арманмен араласып тұратынмын. Сол күні оған қоңырау шалдым. Данияр сенің қасыңда ма? - деп сұрадым. Ол жоқ, көрмедім деп тұтқаны тастай салды. Ол екеуі бірге ішкені анық. Пышақ сілтеген. Данияр қарсы келген, ал анау күштілік танытқан болып тұр шамасы", - дейді куәгер Александр Постников.
Туыстары Даниярды үш күн бойы іздеген. Ал көршісі сол кезде бөлшектелген денені қоқыс қалташаларына салып, түнделетіп сол маңдағы бірнеше қоқыс жәшігіне бөліп тастаған. Қазір осы оқиғаның ізімен қылмыс іс қозғалған.
"33 жастағы азамат ұсталды. Ол қылмыс жасағанын мойындады. "Адам өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде", - деп атап өтті Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.
Көршілердің білуінше, күдікті жиі ішімдік ішіп, айналасындағыларға әлімжеттік жасайтын болған. Есірткіге де әуестігі бар деп қалды. Кісі өлтірген 33 жастағы азамат мұнда жалғыз тұрады. Жүйкесі сыр бергендіктен туыстары оны жалғыз қалдырған дейді тұрғандар. Ол бұған дейін де осыған ұқсас қылмыспен сегіз жыл жазасын өтеп шыққан.