Қазақстанда 727 мектепте балалар қызылша жұқтырған.
ERNUR.KZ. Елімізде қызылша ауруының эпидемиологиялық жағдайы күрделенсе де, балабақшалар мен мектептер карантинге жабылмайды, деп жазады stan.kz.
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Вакцинамен басқарылатын инфекцияларды бақылау басқармасының басшысы Нұршай Әзімбаеваның сөзінше, қызылша – вакцина арқылы бақыланатын ауру.
"Қызылшадан туындаған эпидемиологиялық жағдайға байланысты балабақшалар мен мектептер карантинге жабылмайды. Өйткені бұл вакцина арқылы басқарылатын ауру", – деді Нұршай Әзімбаева.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда 727 мектепте балалар қызылша жұқтырғанын жазған едік.
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Зәуре Ахметова үкімет резервінен қызылшаға қарсы тағы 1 миллион доза екпе сатып алынатынын мәлімдеген болатын.
Денсаулық сақтау министрі қазақстандықтарға қызылшаның таралуына қатысты да үндеу жасаған болатын.