Актрисаның жақындарының айтуынша, ол өмірінің соңғы жылдарын Қырымда өткізген.
ERNUR.KZ. «Девушка-джигит» фильмінде басты рөлді сомдаған актриса Лидия Шарапова қайтыс болды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген әртісі 89 жасқа қараған шағында 21 сәуірде қайтыс болған.
Актрисаның жақындарының айтуынша, ол өмірінің соңғы жылдарын Қырымда өткізген. Алматыға балаларының ортасына оралуды жоспарлап жүріпті.
Лидия 1935 жылы Якутияның Амга ауылында дүниеге келген. Ташкент хореографиялық училищесінде білім алып, жергілікті филармонияда еңбек етіп, содан кейін қазақ ән және би ансамблінде солист болған. «Қазақфильмде» де бірнеше кинокартинада түрлі рөлдерді сомдаған.