Фото: pexels.com
ERNUR.KZ. Енді Қазақстанда телефондағы eGov қосымшасы арқылы азаматтардың несие тарихы қадағаланбақ, деп жазады stan.kz.
"Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамы eGov мобильді қосымшасында "Несие және сақтандыру тарихы бойынша нұсқаулық” қызметі іске қосылғанын мәлімдеді.
“Бұл қызмет "Мемлекеттік несие бюросы" АҚ мәліметтері бойынша ақпарат беретін "Несие беру" және "Сақтандыру" деген екі бөлімнен тұрады. "Несие беру" бөлімінде пайдаланушыға кейінгі бес жылдағы несие тарихы туралы есеп, белсенді несиелік міндеттемелер туралы ақпарат және скорингтік балл (пайдаланушының несиелік қабілеттілік деңгейінің көрсеткіші) ұсынылады”, – делінген хабарламада.
Деректерге сәйкес, “Сақтандыру" бөлімінен бұрын жасалған сақтандыру шарттары мен полистері туралы жалпы есеп, сондай-ақ бонус-малус класы туралы ақпарат табуға болады.