Елімізде алтын бағасы қымбаттады

0
5 291


Елімізде алтын бағасы қымбаттады

ERNUR.KZ. Қазақстанда алтын әшекейлер 6 пайызға, ал күміс 2 пайызға қымбаттады, деп жазады tengrinews.kz.

Портал сарапшылары алтыннан жасалған зергерлік бұйымдардың бағасы бір жыл ішінде 5,8 пайызға, 16 870 теңгеге дейін өсті деп есептейді. Бір жыл бұрын бір грамм 15 938 теңге тұрған.

Нұр-Сұлтандағы алтын әшекейлер - 23 707 теңге. Одан әрі Ақтау (20 285 теңге) және Атырау (19 859 теңге). Алтын бағасының едәуір өсуі Павлодарда (грамм үшін +26,5 пайыз, 17 491 теңгеге дейін), Алматыда (грамм үшін +19,6 пайыз, 15 254 теңгеге дейін) және Шымкентте (грамм үшін +17,3 пайыз, 15 725 теңгеге дейін) байқалады.

Күмістен жасалған зергерлік бұйымдар бір жыл ішінде 1,8 пайызға 1 482 теңгеден 1 509 теңгеге дейін қымбаттады.

Атырау (грамм үшін - 2 226 теңге), Нұр-Сұлтан (грамм үшін 1 982 теңге) және Алматы (грамм үшін 1 948 теңге) тұрғындары күміс әшекейлер үшін бәрінен артық төлейді. Ең жоғары баға Қостанайда (грамм үшін+17,3 пайыз 1 663 теңгеге дейін), Көкшетауда (грамм үшін+8,5 пайыз 1 039 теңгеге дейін) және Таразда (грамм үшін+7,4 пайыз 1 373 теңгеге дейін) тіркелген.