Елімізде коронавирус пен пневмониядан 6 адам қайтыс болды

0
2 338

1 тамыздан бері пенвмониядан 610 адам көз жұмды.


Елімізде коронавирус пен пневмониядан 6 адам қайтыс болды

Қазақстанда тәулік ішінде 6 адам коронавирус пен пенвмониядан қайтыс болды. 4,5 мыңнан аса адам елдегі стационарларда емделіп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

21 ақпандағы мәлімет бойынша, короновирус инфекциясын жұқтырған 21 417 адам (13 627 КВИ+ және 7 790 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде 4 776 пациент стационарда, 16 641 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- жұқтырғандар арасында:
• 237 адамның жағдайы ауыр;
• 54 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 45 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмония туралы ақпарат:
19 ақпанда коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 38 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 234 адам емделіп шықты.
1 тамыздан барлығы: ауырғандар саны 48970-ке жетті, 610 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандар саны 40570 болды.