Елімізде сот орындаушыларына қатысты талаптар өзгереді

0
671

Былтыр сот-сараптамаға 190 мыңнан астам материал келіп түскен.


Елімізде сот орындаушыларына қатысты талаптар өзгереді

ERNUR.KZ. Әділет вице-министрі Алмат Мадалиев Қазақстанда атқару өндірісінің көлемі қандай екенін айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

«Есепті кезеңде (2019 жылы) алты жарым миллиард теңгеден астам сомада 4 миллионға тарта құжат жұмысқа болды. 2018 жылмен салыстырсақ, толық көлемде орындалған құжаттардың жалпы көрсеткіштері 36 пайызға артты», - деді вице-министр ведомствоның алқа мәжілісінде.

Оның атап өтуінше, істі өндіріске алуды ары қарай жетілдіру мақсатында Мәжіліс депутаттары бастамашылық еткен заң жобасы аясында заңнамаға түзетулер даярланды.

«Бұл қадамдар сот орындаушыларының жауапкершілігін көтеруге, өкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелерінің бақылауын күшейтуге, сондай-ақ кейбір нормаларды айқындауға қатысты болады. Осы орайда жергілікті жерлерде сот орындаушылары жұмысының тиімділігін жақсартады және құжаттардың уақытылы орындалуын арттырады», - деді Алмат Мадалиев.

Бұдан бұрын хабарланғандай, алқа мәжілісінде проблемалық алименттер саны қаншаға азайғаны айтылды.

Айта кетейік, былтыр сот-сараптамаға 190 мыңнан астам материал келіп түсті.