Елімізде жастардың ғылымдағы үлесі 46%-ға жетті

0
225

Олжас Бектенов жас мамандарды ғылымға тарту үшін университеттердегі ғылыми зерттеулерді белсенді дамытуды тапсырды.


Елімізде жастардың ғылымдағы үлесі 46%-ға жетті

Ғылымды дамыту және цифрландыру мәселелері қаралған Үкімет отырысында аталған саланы дамыту жөніндегі дәйекті жұмыстың нәтижелері атап өтілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР Үкіметінің Telegram-каналына сілтеме жасап.

Ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметті салааралық үйлестіру мақсатында 2024 жылы «Ғылым және технологиялық саясат туралы» жаңа Заң қабылданды.

Сонымен қатар бизнестің ғылымға инвестиция салуын ынталандыру үшін 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап салық жеңілдіктері енгізілді.

Ғалымдарды әлеуметтік қолдау бағытына ерекше көңіл бөлініп келеді. Премьер-министр жас мамандарды ғылыми ортаға тартудың маңыздылығын атап өтті.

«Ғылымның басым бағыттары бойынша іргелі зерттеулермен айналысатын ғалымдар тікелей қаржыландыруға ие болды. Жыл сайын 250-ден астам жас ғалым әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өтеді.Докторантура бағдарламалары бойынша оқуға мүмкіндік беретін білім беру гранттарының саны артып келеді. Жастардың ғылымдағы үлесі айтарлықтай өсіп, бүгінде ол 46%-ды құрап отыр. Жастарды одан әрі ғылымға тарту үшін университеттердегі ғылыми зерттеулерді белсенді дамыту қажет», — деп атап өтті Олжас Бектенов.