Елордада әзірге қоршауға алынған тұрғын үйлер жоқ – Сәуле Қисықова

0
824

20 ақпаннан бері 1 ай ішінде елордада карантинде 14 480 адам болған.


Елордада әзірге қоршауға алынған тұрғын үйлер жоқ – Сәуле Қисықова

ERNUR.KZ. Елордада әзірге қоршауға алынған тұрғын үйлер жоқ. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова әкімдікте өткен брифингте айтты, деп жазады Елорда Инфо.

«Эпидемиологияға қарсы күрес шаралары барысында елордадағы тұрғын үйлер мен пәтерлерге, көшелерге дезинфекция жүргізу карантиндік картаға сәйкес жүзеге асырылады. Бірақ елордада әзірге қоршауға алынған тұрғын үйлер жоқ», – деді Сәуле Қисықова.
Оның айтуынша, 20 ақпаннан бері 1 ай ішінде елордада карантинде 14 480 адам болған.
Сондай-ақ басқарма басшысы коронавирус жұқтырған 25 елордалықтың жағдайы әзірге қанағаттанарлық екенін айтты.