Елордада медициналық маска 56 теңгеден сатылуда

0
994

Маскалар әлеуметтік дәріханаларда сатылып жатыр.


Елордада медициналық маска 56 теңгеден сатылуда

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтан қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Зекен Исақов елордаға медициналық маскалардың қосымша партиясын әкелінгенін айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

«Қалаға 350 мың маска жеткізілді. Қаланың дәріханаларына таратылды. Бағасы – 56 теңге. Бұған қоса маскалардың қосымша партиясын әкелу көзделуде», - деді тікелей эфирде өткен баспасөз мәслихатында.

Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі 56 теңгелік медициналық маскалар әлеуметтік дәріханаларда сатылып жатқанын хабарлады.