Елорданың «Промышленный» тұрғын алабындағы халық кірпіш зауытын көшіруді сұрады

0
955

Қала әкімі 30 мыңға жуық тұрғыны бар Алматы ауданындағы «Промышленный» тұрғындарымен кездесті.


Елорданың «Промышленный» тұрғын алабындағы халық кірпіш зауытын көшіруді сұрады

ERNUR.KZ. Алтай Көлгінов «Промышленный» тұрғын үй алабы тұрғындарының мәселелерін тыңдады, деп жазады «Хабар 24».

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Алматы ауданы аумағындағы нысандарды аралап, проблемалық учаскелермен танысты. Қала әкімі 30 мыңға жуық тұрғыны бар Алматы ауданындағы «Промышленный» тұрғындарымен кездесті.

Жүздесу барысында тұрғындар «Ақкент» ЖШС силикат кірпіш шығаратын зауытты ауыстыру, жылы аялдаманы және спорт алаңдары бар скверді жайластыру туралы өтініш айтты. Сондай-ақ номері 13 мектепті кеңейту, қоғамдық көлік жұмысын жақсарту және жол құрылысы мәселелері талқыланды.