Олар "Орталық Азия – Германия" мемлекет басшыларының кездесуіне қатысады.
ERNUR.KZ. Тәжікстан басшысы Эмомали Рахмон мен Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Қазақстанға жұмыс сапарымен келді, деп жазады sputnik.kz.
Елорда әуежайында Садыра Жапаровты вице-премьер Ғалымжан Койшыбаев, ал Эмомали Рахмонды премьер-министр Олжас Бектенов қарсы алды.
Астанада Орталық Азия мемлекеттері басшылары мен Германия канцлерінің кездесуі өтеді деп жоспарланып отыр.