Ерлан Тұрғымбаев жалған ақпарат таратқандар жауапкершілікке тартылатынын айтты

0
1 155

ІІМ Тергеу департаменті әлеуметтік желелерде тараған жалған ақпараттар бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.


Ерлан Тұрғымбаев жалған ақпарат таратқандар жауапкершілікке тартылатынын айтты

ERNUR.KZ. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбетов жалған ақпарат таратқандар жауапкершілікке тартылатыны туралы айтты, деп жазады Polisia.kz.

Ол әлеуметтік желіде таратылған жалған ақпараттарға мониторинг жүргізіліп отыратынын жеткізді.


«Мен ұшақ, тікұшақпен вирус пен биохимиялық қару себіліп жатқаны туралы ақпарат - жалған ақпарат екенін айтқанмын. Бұл, әрине, өтірік және арандатушылық. ІІМ Тергеу департаменті осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастап кетті. Тексеру барысында бұл жағдай шетелде өрт сөндіру барысында болғаны анықталды. Бұған ұшақтағы тану белгілері, өрт сөндіру көлігіндегі нөмір және өрт сөндірушілердің ағылшын тілінде сөйлеуі дәлел бола алады», – дейді Ерлан Тұрғымбаев.




Ол мұндай техника Қазақстанда жоқ екені және қолданылмайтынын айтты.


«Сол себепті азаматтарды мемлекеттік органдардың ресми деректеріне ғана сенуді және жалған, расталмаған ақпаратты таратпауға шақырамын», - дейді министр.