Футболдан Қазақстан құрамасының мүшелерінен коронавирус табылды

0
2 002

Бапкерлік штабтың басқа мүшелері, әкімшілік қызметкерлер мен ойыншылар да коронавирус жұқтырғандармен байланыста болған.


Футболдан Қазақстан құрамасының мүшелерінен коронавирус табылды

ERNUR.KZ. Футболдан Қазақстан құрамасы штабының бірнеше қызметкері коронавирус жұқтырған. Бұл туралы журналист әрі инсайдер Айдын Қожахмет телеграм-каналында мәлім етті, деп жазады Тengrinews.kz.


"Қазақстан құрамасы штабының бірнеше қызметкері коронавирус жұқтырды. Олар - жаттықтырушы Сергей Калюбин және команда әкімшісі Максим Шауберт.

Енді кімдер оқшауланып, Киевке кімдер баратыны белгісіз. Бапкерлік штабтың басқа мүшелері, әкімшілік қызметкерлер мен ойыншылар да олармен байланыста болған", - деп жазды Қожахмет.


Еске салсақ, кеше "Астана Аренада" Қазақстан құрамасы 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирінде алғашқы матчін өткізіп, Франциядан 0:2 есебімен жеңілген еді. Енді Қазақстан 1 сәуірге қараған түні Киевте елорда уақытымен 00:45-те Украинамен кездеседі.