«Ғылым қоры» басқармасының бұрынғы басшысы сотталды

0
682

Ол өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазымдар атқару құқығынан айырылды.


«Ғылым қоры» басқармасының бұрынғы басшысы  сотталды

иллюстрациялық фото: ашықдереккөзден

ҚР БҒМ «Ғылым қоры» АҚ басқармасының бұрынғы төрағасы А.Ж.Сұлтанғазин сотталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ҚР БҒМ «Ғылым қоры» АҚ басқармасының бұрынғы төрағасы А.Ж.Сұлтанғазинге қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді жүргізді. Ол Қарағанды мемлекеттік университетінің ректоры А.Т.Едрисов үшін ҚР Білім және ғылым министрінің жеке қабылдауын ұйымдастырғаны үшін одан 5 мың АҚШ доллары көлемінде пара алды деген күдікке ілінді», - делінген ақпаратта.

Агенттіктің хабарлауынша, кеше Нұр-Сұлтан қаласының Алматы ауданының №2 аудандық соты А.Ж.Сұлтанғазинды кінәлі деп танып, оған 57 млн теңге көлемінде айыппұл салды. Сондай-ақ, ол өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазымдар атқару құқығынан айырылды.