Halyk Bank жаппай тәртіпсіздіктер кезінде зардап шеккендерге 3 миллиард теңге бөледі

0
783

Ол шағын және микро бизнес секторының зардап шеккен кәсіпкерлеріне көмек көрсетуге бағытталады.


Halyk Bank жаппай тәртіпсіздіктер кезінде зардап шеккендерге 3 миллиард теңге бөледі

Halyk Bank өз қаражаты есебінен жаппай тәртіпсіздіктер кезінде зардап шеккендерге 3 миллиард теңге бөлуге шешім қабылдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"Halyk Bank өз қаражатынан 3 млрд теңге бөледі, ол шағын және микро бизнес секторының зардап шеккен кәсіпкерлеріне көмек көрсетуге, сондай-ақ қираған нысандарды тез арада қалпына келтіруге және шұғыл шешімдерді қажет ететін басқа да міндеттерге бағытталады.", - делінген банктің ресми хабарламасында.

Айта кетері, Қазақстанда жаппай тәртіпсіздіктер кезінде зардап шеккен бизнеске көмек көрсету мақсатында "Күшіміз бірлікте" қоры құрылған болатын.

Бұдан бөлек, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан халқына" қорын құруды тапсырды. Қордың ақшасы есебінен денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік қолдау саласындағы нақты проблемалар шешіледі. Сондай-ақ қаза болған полицейлер мен әскери қызметшілердің отбасыларына көмек беріледі.