ІІМ басшысы балтамен ұсталған ресейліктер туралы айтты

0
402

25 қыркүйекте шекара қызметінің Қостанай облысы бойынша департаменті бақылау-өткізу бекетін айналып өтіп, шекараны кесіп өтпек болған үш Ресей азаматы ұсталған болатын.


ІІМ басшысы балтамен ұсталған ресейліктер туралы айтты

ERNUR.KZ. Шекарадан өту ережесін бұзған Ресей азаматтары Қазақстаннан шығарылды. Бұл туралы Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов мәлімдеді, деп жазады tengrinews.kz.

"Шекараны заңбұзушылықпен кесіп өткендер сот шешімімен Қазақстаннан шығарылып, құзырлы органдарға тапсырылды", - деді Ахметжанов.

Оның айтуынша, ұсталғандар өздерімен бірге балта алып жүрген.

"Оларда қару емес, балта болған", - деді ІІМ басшысы.

Еске салйық, 25 қыркүйекте шекара қызметінің Қостанай облысы бойынша департаменті бақылау-өткізу бекетін айналып өтіп, шекараны кесіп өтпек болған үш Ресей азаматы ұсталған болатын. Тәртіп бұзушылар өз әрекеттерін Ресей Федерациясында жарияланған мобилизациямен байланыстырған.