Итті тоңазытқыш есігімен қылғындырған: Қылмыстық іс қайта қозғалды

0
932

Мұндай қылмыстың жолын кесу керек, - деді заңгер.


Итті тоңазытқыш есігімен қылғындырған: Қылмыстық іс қайта қозғалды

ERNUR.KZ. Атырау облысында тоңазытқыштың есігімен итті қылғындырған ер адманың әрекеті бойынша қылмыстық іс қайта басталды. Бұл туралы Жангелді Сүлейменов мәлімдеді, деп жазады Tengrinews.kz.

Жангелді Сүлейменов Facebook-тегі парақшасында бұл іс бойынша сот шешіміне шағым жасай алғанын айтты.
"Атыраулық жауыз итті тоңазытқыштың есігімен тұншықтырды. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бірақ іс тоқтатылды, итке зиян тимеді-мыс деп. Итті тоңазытқыштың есігімен қысса қалай зиян келмейді? 3 шілдеде мен Бас прокуратураға істі тоқтатпау және оны қайта жаңарту туралы шағым жаздым.

Бас прокуратура арызымды Атырау облысының прокуратурасына жолдады. Міне, бүгін істі тоқтатпау жөнінде хат келді, ер адамға қатысты қылмыстық іс қайта басталды. Бұл жолы ол жауапқа тартылады деп үміттенемін", - деп жазды Жангелді Сүлейманов.



Кейінірек Жангелді Сүлейменовпен телефон арқылы сөйлескенде, ол істі соңына дейін апаруға және әділ жазаға қол жеткізуге дайын екенін айтты.


"Дұрыс сараптама жасалады деп үміттенемін. Жауыз қылмыстық жауапқа тартылады. Олай болмаған жағдайда, барлығы "зақым келтірмей қорлауды" бастайды. Барлығы жануарларды асып видео жариялап, кейін зиян келмеді дей бастайды. Сондықтан мұндай қылмыстың жолын кесу керек", - деді заңгер.


Еске салайық, мұның алдында Атырау облысында тоңазытқыштың есігімен итті қылғындырған ер адманың әрекеті бойынша қылмыстық іс тоқтатылғаны хабарланған болатын. Бұл туралы аймақтың Полиция департаменті баспасөз қызметі мәлімдеген.