"Қазақфильм" ақшаны бұрынғыдай таратпайды": министр жаңа ережені түсіндірді

0
118

"Қазақфильм" кино саласына арналған қаражаттың 30 процентін алуға құқылы.


фото: Sputnik / Тимур Батыршин

ERNUR.KZ. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Қазақфильмнің қазіргі қаржылық саясатын түсіндірді, деп жазады sputnik.kz.
Бүгінде тиісті заң қабылданды. Оған сәйкес, "Қазақфильм" кино саласына арналған қаражаттың 30 процентін алуға құқылы.
"Ол дегеніміз, компания қаржылық жағынан өзінің дербестігін алып, кино жасауға өзі мүдделі болады. Қазір көбісі қаражаттың 30 пайызы келгеннен кейін Қазақфильм ақшаны бұрынғыдай таратады деп ойлайды. Ондай болмайды. Біз оның ережесін нақтыладық. Оған сәйкес, кино түсіремін деген кісілер 50 пайызын қосып, сценарий идеологиялық тұрғыда нәтижелі көрінсе, онда біз "Қазақфильмнен" қалған 50 пайызын қосуға дайын боламыз", - деді Балаева үкіметте өткен брифингте.
Министрдің айтуынша, ондай ережемен екі жақ та фильмнің сапалы, ал рейтингі жоғары болуына мүдделі болады.
Айта кетері, бүгін Балаева "Қазақфильмнің" басшылығына қатысты өз ойын да айтты.