Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
ERNUR.KZ. Мемлекет басшысы «ҚР Президентiнiң жанындағы Адам құқықтары жөнiндегi комиссия туралы» жарлығына өзгерістер енгізді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Президент жарлығымен Адам құқықтары жөніндегi комиссияның құрамына Игорь Рагов (Елбасы қорының атқарушы директорының орынбасары, комиссияның төрағасы еніп, комиссияның құрамынан Қанат Мусин шығарылды.
Қанат Мусин 2021 жылдың қаңтар айынан бастап жетінші сайланымдағы Мәжілісінің депутаты -Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы.
Президент жарлығы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.