Қарағанды облысында қыздарының зорланғанын жасырған ата-ана жауапкершілікке тартылуы мүмкін

0
2 474

Қарағанды облысында оқушыны зорлады деген күдікке өзін ауыл имамы деп таныстырған азамат ілінген.


Қарағанды облысында қыздарының зорланғанын жасырған ата-ана жауапкершілікке тартылуы мүмкін

ERNUR.KZ. Қарағанды облысында оқиғаны жасырып келгені үшін 40 жастағы ер азамат зорлап, артынша жүкті болған қыздың ата-анасы қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін, деп жазады Stan.kz.

Қылмыстық іс жайлы облыстық ПД басшысы Ерлан Файзуллин айтты. Оның сөзіне сүйенсек, іс бойынша бір адам күдікті ретінде қарастырылуда.

"Бұл іс менің жеке бақылауымда. Күдікті ұсталып, абақтыға қамалды. Қазір күдікті біреу-ақ. Дегенмен тергеушілер қылмысты жасырмақшы болғандарға қатысты талқылауда. Олардың әрекеттеріне қылмыстық баға беріледі, тіпті, олар жауапкершілікке тартылуы мүмкін", - деді Файзуллин.

Еске салайық, бұған дейін Қарағанды облысында оқушыны зорлады деген күдікке өзін ауыл имамы деп таныстырған азамат ілінгені жайлы айтылған еді.