Қарағандыда газ баллоны жарылып, бірнеше адам зардап шекті

0
745

1952 жылы туған ер адам, 1953 жылы туған әйел және 8 жастағы бала ауруханаға жеткізілген.


Қарағандыда газ баллоны жарылып, бірнеше адам зардап шекті

ERNUR.KZ. Қарағандыда жеке үйлердің бірінде газ баллоны жарылды. Бұл туралы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді, деп жазады tengrinews.kz.

Ведомство мәліметінше, 9 желтоқсанда сағат 12.19-да Петрозаводская көшесіндегі Бөкейханов атындағы ауданда өрт шыққаны туралы ақпарат түскен.

"Тұрмыстық газ баллонынан (50 литр) газ-ауа қоспасы шығып, 70 шаршы метр аумақта өрт тұтанған. Өрт сағат 13.07-де сөндірілді", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, департамент өрт салдарынан күйік шалып 1952 жылы туған ер адам, 1953 жылы туған әйел және 8 жастағы бала ауруханаға жеткізілгенін хабарлады.

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.