Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 315 мың теңгені құраған.
Қарағандыда темір гаражды ішіндегі мотоциклымен қоса ұрлаған күдікті анықталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ polisia.kz-ке сілтеме жасап.
27 қаңтар күні Қарағанды облысы, Абай аудандық Полиция басқармасының кезекші бөліміне 72 жастағы қала тұрғыны хабарласып, белгісіз біреу өзіне тиесілі темір гараж бен ішіндегі мотциклын ұрлап кеткені туралы арызданған.
Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 315 мың теңгені құраған.
Аталған фактіге қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабына (Ұрлық) сәйкес қылмыстық іс қозғалды. 20 ақпан күні криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 21 жастағы жігіт ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін беріп, айғақ заттар тәркіленді. Тергеу амалдары жүргізілуде.