Регресниктер мәселені шешуді сұрап, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне хат жолдапты.
фото: мұрағат
Қарағандылық регресниктер жәрдемақыны 30 пайызға өсіруді талап етті, - деп хабарлайды Матрица.kz.
"Арселор Миттал Теміртау" компаниясы регресниктерге жәрдемақыны инфляция деңгейіне сай ғана төлейді. "Қорғау" кәсіподақ ұйымының басшысы айтқандай, мүгедек шахтерлерге ақша бүгінгі жалақыға сәйкес төленуі тиіс.
"Заңда жәрдемақы инфляция деңгейіне сай көтеріледі делінген. Сондықтан бізге осы заңды өзгерту керек. Қазіргі шахтерлердің жалақысы өскен кезде, мүгедектікке шыққан кеншілердің жәрдемақысы да көбеюі тиіс", - дейді "Қорғау" көміршілер кәсіподақ ұйымының төрағасы Марат Мірғаязов.
Кәсіподақ ұйымының мәліметінше, Қазақстанда 13 мыңдай мүгедек кенші бар. Олар "Арселор Миттал Теміртау" компаниясының мардымды жәрдемақы төлеуге заңмен міндеттелгенін қалайды.
Регресниктер мәселені шешуді сұрап, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне хат жолдапты.