​Шымкенттің әскери қызметшілері ардагерді қос мерекесімен құттықтады

0
160


​Шымкенттің әскери қызметшілері ардагерді қос мерекесімен құттықтады

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні және 101-жас мерейтойы қарасаңында Шымкент қаласы бойынша «Қарулы күштер ардагерлері» кеңесінің төрағасы отставкадағы полковник Серікбай Оңбаев, қалалық ардагерлер ұйымдарының өкілдері және Шымкент гарнизонының әскери бөлімдері мен мекемелері, әскери колледж бен әскери полция бөлімінің әскери қызметшілері мен ұландары Ұлы Отан соғысының ардагері Нина Егоровна Мосунованың үйіне қонаққа барды.

Кездесу барысында Серікбай Оңбаев еліміздің кешегі, бүгінгі және ертеңге қорғаушылары атынан Нина Егоровнаға ерлігі үшін шексіз алғысын білдіріп, сыйлықтар табыстап, зор денсаулық пен ұзақ ғұмыр тіледі.
Әже құттықтауларды ықыласпен қабыл алып, қонақтарға білдірген ілтипаттары үшін алғысын білдірді, қызметте табыс тілеп және соғыс кезіндегі естеліктерімен бөлісе отырып, тарихтың қиын кезеңдеріндегі қайсарлық пен батылдығының маңыздылығын атап өтті. Жас ұрпаққа патриоттық, Отанға деген адалдықтың маңыздылығын еске салып, ақ батасын берді.
Нина Егоровна 1923 жылдың 9 наурызында Покрово-Урустаман (Татарстан) ауылында көп балалы отбасында дүниеге келген. Оның балалық шағы қиын жылдарда өтті - үйден айырылғаннан кейін отбасы ауыр сынақтар мен аштықты басташ кешірді. Соғыс басталғанда Нина әже небәрі 17 жаста еді. Әкесі майданға кеткеннен кейін Нина да әскерге шақырылып, радистердің жеделдетілген курстарына жіберілді. Ол Морзе әлеппесін тез меңгерді, тіпті жылдар өтсе де, оның қолдары сигналдар мен кодтарды естен шығармаған. Еңбекқорлығы мен жауапкершілігінің арқасында ол көп ұзамай бөлімше командирі болған. Қызметтің көптеген егжей-тегжейлері құпия күйінде қалды, бірақ ол үшін ең қорқынышты сәттер жаудың оқ астында байланыс жасап, ақпарат жіберу болды.
1945 жылдың жазында Нина Егоровна туған ауылына оралса да, үш жылдан соң Шымкентке нағашы жұртына қонаққа барады. Ол жайлы, жасыл қаланы ұнатқаны сонша, сол қалада қалуды шешкен. «Взрывпром» ұйымына машинистка болып жұмысқа орналасып, отбасын құрады. Қызының қайғылы қазасынан кейін күйеуі екеуі үш немерелерін асырап, оларға тірек болып, нағыз аналарындай тәрбие берді. Бүгінде Нина Егоровнаға немересі Лариса, сондай-ақ екі шөбересі қамқорлық жасайды.
Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі
Бөлісу