ШЫМКЕНТ ​ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ҚҰРЫЛЫС КОМПАНИЯЛАРЫ БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

0
768


ШЫМКЕНТ ​ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ҚҰРЫЛЫС КОМПАНИЯЛАРЫ БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ERNUR.KZ. Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденов шаһардағы құрылыс компаниялары басшыларымен кездесу өткізді. Жиында қалада құрылыс салу талаптарын сақтау, абаттандыру мәселелері талқыланып, ұсыныстар айтылды.


Қала әкімінің тапсырмасы бойынша бүгінде қала аумағын абаттандыру, құрылыс салу барысында тазалық сақтау жұмыстарын күшейту бағытында тиісті жұмыстар жүргізілуде. Қала әкімінің орынбасары құрылыс компанияларына осы талаптарды сақтау қажет екенін атап өтті.

Руслан Арысбекұлы құрылыс компаниясы басшыларына қаланың сәулеттік келбетін жақсарту, жаңа жобаларды іске асыру мақсатында құрылыс кеңесі құрылатындығын жеткізді. Құрылыс компаниялары басшылары бұл шешімді бірауыздан қолдады.