Карантинге жабылған Нұр-Сұлтан әуежайына түнде бірнеше ұшақ қонды

0
793

Жолаушылары жоқ ұшақтар гуманитарлық көмек тасымалдау мақсатымен Қытай астанасы Бейжіңге бағыт алған.


Карантинге жабылған Нұр-Сұлтан әуежайына түнде бірнеше ұшақ қонды

ERNUR.KZ. Карантинге жабылған "Нұр-Сұлтан" әуежайына жанармай құю үшін түнде бірнеше ұшақ қонды, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Олар Еуропадан Қытайға бағыт алған. Ішінде жолаушылар болмады, деп хабарлайды әуежайдың баспасөз қызметі.

"Кеше түнде үш Wizz Air (Мажарстанның бюджеттік әуе компаниясы – Sputnik) және бір LOT Polish Airlines (LOT поляк әуе компаниясы) рейсі астаналық әуежайға жанармай құю үшін қонды. Ұшақтар гуманитарлық көмек тасымалдау мақсатымен Қытай астанасы Бейжіңге бағыт алған. Ұшақта жолаушылар болған жоқ", – делінген хабарламада.
Ұшақтардың Еуропаға кері қайтуы да осы бағытпен жүзеге асырылады. Нұр-Сұлтан әуежайында ешқандай жүк түсірілмейді.

Айта кетейік, сәуірдің 1-і мен 13-і аралығында Нұр-Сұлтан және Алматы әуежайлары карантинге жабылды. Барлық халықаралық және эвакуациялық жолаушылар рейстерін қабылдау тоқтатылды.

Дегенмен, сыртқы істер министрлігінің сұрауы бойынша отандық әуе компанияларыны4 азаматтық ұшақтары ұшуға дайын.