Қарашада 25 градусқа дейін аяз болады

0
372

Қазгидромет синоптиктері осы жылдың қараша айына ауа райы болжамын жасады.


Қарашада 25 градусқа дейін аяз болады

ERNUR.KZ. Қараша айында республика бойынша ауа температурасы климаттық норма шамасында болады, жауын-шашын еліміздің батыс жартысында нормадан аз, шығысында норма шамасында түседі, деп жазады sputnik.kz.

"Қараша – қыс алдындағы маусымның бірінші айы. Қараша айының басында Скандинавиядан Ресейдің Еуропалық аумағы (РЕА) арқылы циклон үлкен жылдамдықпен Қазақстан аумағына ауысып, ауа райын құбылтады. Жаңбыр мен жылбысқы қар түрінде жауын-шашын болады деп болжанып отыр, республиканың оңтүстігінде көбінесе жаңбыр жауады", - делінген хабарламада.

Еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында көктайғақ болып, жел15-28 м/с дейін күшейеді.

Қарашаның алғашқы күндерінде Қазақстан аумағы бойынша ауа температурасы түнде -5+5°С, күндіз +1+9°С, еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жылы болады - күндіз +10+18°С.
"Бірінші онкүндіктің ортасынан бастап белсенді циклон шығыс бағытта жылжып Қазақстан аумағынан кетеді, бұл циклонның ізінен Қара теңіз аймағынан антициклон таралады, бұл батыс өңірлерде жауын-шашынның тоқтауына ықпал етеді, онкүндіктің соңында республиканың қалған аумағында да жауын-шашын тоқтайды", - дейді мамандар.
Ауа температурасы еліміздің солтүстік жартысында түнде -3-13°С-қа дейін, күндіз -5+2°С-қа дейін, оңтүстік жартысында түнде -5+2°С-қа дейін, күндіз 0,+8°С-қа дейін біртіндеп төмендейді.
Айдың екінші және үшінші онкүндігінде Қазақстан аумағында Солтүстік теңіз, Батыс және Шығыс Сібір аудандарынан суық ауа массалары келіп, ауа райы құбылмалы болады. Термометр бағаны түсуі мүмкін:
солтүстік жартысында түнде -17-25°С-қа дейін, күндіз -5-12°С-қа дейін;
оңтүстік жартысында түнде -10-17°С-қа дейін, күндіз -3-10°С-қа дейін.
Алайда Қазақстан аумағына Атлантика мен Иран аумағынан ауа массалары түсіп, жылы күндер де болуы мүмкін.