Азық-түліктің қолжетімділігін қамтамасыз етіп, бағаны тұрақтандыру үшін осындай шара қабылданған.
ERNUR.KZ. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Үкімет отырысында айтты, деп жазады inbusiness.kz.
Тауарлар экспортын тарифтік емес реттеу шаралары:
– 2022 жылғы 1 шілдеге дейінгі мерзімге күнбағыс пен күнбағыс майы экспортына сандық шектеулер;
- 3 ай мерзімге картоп пен сәбіз экспортына тыйым салу;
- Ірі қара мал мен ұсақ малды 6 ай мерзімге шығаруға тыйым салу;
- Жем-шөп шығаруға тыйым салу.
"Маусымаралық кезеңде импорттық жеміс-көкөніс өнімдерін жеткізуді ұйымдастыру мүмкіндігі пысықталып жатыр", - деді министр.