Қасым-Жомарт Тоқаев карантиннің тағы екі аптаға созылатынын айтты

0
868

Карантин шілденің соңына дейін жалғасады.


Қасым-Жомарт Тоқаев карантиннің тағы екі аптаға созылатынын айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев карантин тағы екі аптаға созылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Мемлекет басшысы Twitter парақшасында мәлімдеді.

«Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты карантин режимі тағы екі аптаға созылып, шілденің соңына дейін жалғасады. Ертең Үкіметтік комиссия шешім қабылдайды. Азаматтарымыз денсаулығын сақтау үшін карантиннің негізгі талабы - өзін-өзі оқшаулау шарасын қатаң ұстануы қажет», - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.