"Қазақфильм" киностудияда тінту жұмыстары болғанын жоққа шығарды

0
899

2020 жылдың 14 тамызында студияда алапат өрт болған.


ERNUR.KZ. 7 қыркүйекте БАҚ-та "Қазақфильмде" тінту жұмыстары жүріп жатыр деп жарияланған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Бұл туралы киностудия өкілдері мәлім етті, деп жазады Tengrinews.kz.

"Қазақфильмде" тінту жұмыстары жүргізіліп жатқаны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Біз БАҚ өкілдерінен тексерілмеген ақпаратты таратпауды және түсініктеме алу үшін киностудияның баспасөз қызметіне хабарласуды сұраймыз", - делінген хабарламада.

2020 жылдың 14 тамызында студияда алапат өрт болған. Киностудияның президенті Ақан Сатаев "өрттің әдейі жасалғаны анық" деген.

Кейін алдын ала шығын сомасы айтылған - 48 981 130 теңге.