Қазақстан мен Қырғызстан СІМ басшылары шекарадағы жағдайды талқылады

0
715

Екіжақты қарым-қатынастардың өзекті мәселелері айтылды.


Қазақстан мен Қырғызстан СІМ басшылары шекарадағы жағдайды талқылады

ERNUR.KZ. Қырғыз тарапының бастамасы бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрі Чингиз Айдарбековпен телефон арқылы сөйлесті, деп жазады inbusiness.kz.

Әңгіме барысында екіжақты қарым-қатынастардың өзекті мәселелері талқыланды. Шекаралық ынтымақтастықты дамыту перспективаларына, оның ішінде екі елдің мемлекеттік шекарасы арқылы жүк автокөлігінен өту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Тараптар өзара құрмет, достық және тату көршілік рухында көпжоспарлы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға Нұр-Сұлтан мен Бішкектің екіжақты ұмтылысын қуаттады.