Қазақстан-Ресей шекарасында "жасыл дәліздер" ашылады

0
725

Ресейліктердің келуіне байланысты шекралас аймақтарда азық-түлікті тұтынуы жағынан диспропорция болуы мүмкін.


Қазақстан-Ресей шекарасында

ERNUR.KZ. Премьер-министрдің орынбасары-сауда және интеграция министрң Серік Жұманғарин Қазақстан-Ресей шекарасында "жасыл дәліздердің" ашылатынын мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.

"Қазіргі кезде екі елдің шекарасында кептеліс бар. Ұзын сонар кезекте қазақстандықтар ғана емес, азық-түлік көліктері де тұрып қалды. Күні кеше мен әріптесім - Ресейдің вице-премьерімен сөйлестім. Өйткені шекараның арғы жағында өз азаматтарымыз тұр, өте алмай жатыр. Азық-түлік тиелген көліктер де бар. Екеуіміз келіскен сияқтымыз. Ол тиісті ережені шығарды. Бүгін шекара қызметтері өзара келіссөз жүргізеді. Біз "жасыл дәліздерді" ұйымдастыруға тырысамыз. Онымен ең алдымен өз азаматтырымз және азық-түлік таситын көліктер өтеді", - деді Жұманғарин.

Оның айтуынша, ресейліктердің келуіне байланысты шекралас аймақтарда азық-түлікті тұтынуы жағынан диспропорция болуы мүмкін. Ал республика бойынша азық-түлік қауіпсіздігі жағынан қиындық болмайды.