"Қазақстан заңгерлер одағы" ҚР Президенттігіне кандидаттарды ұсыну мәселелері бойынша "Адал сайлау үшін" штаб мүшелерінің брифингі өтті

0
655

Қоғамдық бірлестік Президенттікке бір ғана кандидат ұсынуға құқылы.


Қазақстандағы кезектен тыс президенттік сайлау 2022 жылғы 20 қарашада өтеді. Жаңа заңнама бойынша президент тек бір жеті жылдық мерзімге сайланады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес Президенттікке кандидаттар ұсыну құқығы белгіленген тәртіппен тіркелген республикалық қоғамдық бірлестіктерге тиесілі. Президенттікке кандидаттарды республикалық қоғамдық бірлестіктер өздерінің жоғары органдары атынан ұсынады. Қоғамдық бірлестік Президенттікке бір ғана кандидат ұсынуға құқылы.

Штаб мүшелері, Қазақстанда және шетелде танымал заңгерлер Еркін Әнуарұлы Оңғарбаев, Ермек Баяхметұлы Әбдірасұлов, Индира Оралқызы Әубәкірова, Марат Советұлы Башимов, Ақжанов Әбдікәрім Арынұлы қоғамдық алаңда қолжетімді дереккөздерді пайдалана отырып, сайлау процесінің жағдайына түсініктеме берді.

Е.А. Оңғарбаев штабтың жұмысы туралы қысқаша баяндап, штаб мүшелерінің конституциялық реформа ережелерін құқықтық сүйемелдеу, сайлау заңнамасының негізгі ережелерін түсіндіру, өңірлердегі сайлау процесіне қатысушыларға құқықтық көмек көрсету жөніндегі белсенділігін атап өтті. Сондай-ақ, Спикер Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттарды ұсыну барысы туралы айтып берді.

Профессор Е.Б. Абдрасулов Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) қабылдаған шешімдердің ашықтығын айтты. Біздің барлық азаматтарымыз Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттарға қатысты қабылданған шешімдермен таныса алады. Сондай-ақ, спикер кандидаттардың заңталаптарына сәйкестігін бағалау жөніндегі ОСК шешімдеріне, жекелеген кандидаттарды тіркеуден бас тарту себептеріне егжей-тегжейлі тоқталды.

И.У.Әубәкірова ОСК аумақтық сайлау комиссияларының Президенттікке кандидаты қолдауға қол қоюдың дұрыстығын тексеру мерзімін он күннен бес күнге дейін қысқартқанын атап өтті.

Профессор М.С.Башимов бүкіл сайлау процесс ібұқаралық ақпарат құралдары, өңірлердегі еңбек ұжымдарымен кездесулер арқылы сайлаушылардың назарына офлайн және онлайн формата жеткізілетінін атап өтті. Соныменқатар, сайлау заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілікті айтып өтті.